«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген «Лудомания», «Кибербулинг» «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» және «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы 24.02-28.02.25 аралығындағы «АШЫҚ ЕСІК» күндері жиынының Хаттамасы №

Жетісай каласы
Өтілген мерзімі: 26.02.2025ж. сағ:16 00
Өтілген орны: АКТ залы.
Қатысқандар: 9-11 сынып.

1.«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Тулеков
2.«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Нұрмағанбетов
3. Жетысай АПБ ЖПК ЮПТ ага инспекторы полиция капитаны К.К.Тұрмаханбетов
4. Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны Каликов Дуйсенбай Нурланович


Күн тәртібінде:
1. «Кибербулинг» әлем дерті
2. «Зорлық-зомбылықсыз қасіретін болдырмау
3. «Нашақорлыққа жол жоқ»

Тыңдалды:
«Лудомания» және «Кибербулинг» және «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» және «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында мектепішілік пікірлесу жиыны өткізілді. Жиынға «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Тулеков, «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Нұрмағанбетов, Жетысай АПБ ЖПК ЮПТ ага инспекторы полиция капитаны К.К.Тұрмаханбетов, Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны Д.Н. Каликов мырзалар қатысып, пікірлесу кездесуі ашық деп жарияланды.
1-мәселе бойынша Жетысай АПБ ЖПК ЮПТ ага инспекторы полиция капитаны К.К.Тұрмаханбетов мырзаға сөз берілді. Өз сөзінде ҚР Конституциясында адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып, табылатыны және олардың мемлекеттік қорғауында екені көрсетілгендігі жөнінде айтып кетті. Әрдайым жіті әлеуметтік проблемалардың бірі болған жасөспірімдердің нашақорлығы, ойынға құмарлығы, сондай –ақ құқық бұзушылықтар жөнінде тілге тиек етіп өтті. Кез келген есірткі бүтін ағзаны бүлдіретін өте улы болып табылатыны, оның салдарынан күрделі әрі зиянды әсерге дұшар болатындығы жайында түсіндірме жұмыстары айтылып кетті.
Біз осындай фактілерге жол бермеу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы түсініктер берілді. Нашақорлық жол бермеуге шақырды. Темекі мен темекі бұйымдарын, әртүрлі темекі қоспаларын, оны қыздыру үшін қолданылатын жүйелерді (электрондық темекі, кальян, тағы басқа түрлері) вейптар мен сұйықтықтарды және психотропты заттарды кәмелетке толмағандарға сату әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде қатаң түрде атап кетті. Адамды он төрт жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатынын айтып, ондай құқық бұзушылыққа, зорлық-зомбылықтарға ермеуге, жасамауға шақырды.
Жалпы мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне «Кибербулинг» және «Лудомания» түсініктері берілді. Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Оқушылардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мəселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамда пайдалы іспен шұғылдануын тілге тиек етіп, құқық айлығының барысында атқарылатын іс-шаралармен таныстырып, белсенді қатысуға шақырды.Сондай-ақ "Құқық бұзушылықтың алдын алу","Қылмыс","Ұрлық түбі қорлық "тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өзара пікір алмасып,сұрақтарға жауаптар алынды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – «Алынбайтын қамал, бағынбайтын белес жоқ» екенін ұмытпайық.
2-мәселе бойынша сөз кезегі Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны Д.Н. Каликов мырзаға берілді. Ол оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу және «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет екенін түсіндіріп, сұрақтарына жауап беріп кетті.
Қорытынды сөз Сөз кезегінде Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі. Мысалы: теледидар, смартфондағы интернет арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, жарнамалар мұнын өзі келешек ұрпақтың мінез құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіреді. Міне сол себептіде мектеп қабырғасында смартфондарды, телефон, планшеттерді пайдалануға болмайтындығы жөнінде қатаң түрде айтып өтті. Барлық Дарынды оқушыларға жақсылықтар тілеп, барлық уақытта озат шәкірттер болуға шақырды.
«Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Тулеков мырзаға сөз берілді. Жалпы мектеп оқушыларының тәртіпті зиянды заттарға құмарлықтары жоқтығын атап, алдағы уақытта тек оқуда озат болып мектебіміздің абыройын көтеретініне кәміл сенетінін атап кетті.


ДТЖЖО: Н. Нурмаганбетов

Ұйымдастырушы педагог:

№ Атауы Жүктеу
1 ИДН кездесу 20.02.25